18.10.2021
Air Astana жолаушылары Amanat-та сақтандыру рәсімдей алады

Amanat шетелге шығушыларды сақтандыру бойынша Air Astana әуе компаниясының ресми серіктесі атанды.

Amanat шетелге шығушыларды сақтандыру бойынша Air Astana әуе компаниясының ресми серіктесі атанды. Біздің достығымыз өзге елге сапарлап бара жатқан Air Astana жолаушыларына медициналық сақтандыру рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Мұндай сақтандыру жолаушыларды шетелде пайда болуы мүмкін түрлі қатерден сақтайды. Демалуға шықсаңыз да, іссапармен барсаңыз да, білім аламын десеңіз де, біздің сақтандыруды пайдалануға болады: мәселен, аяқ асты жарақат алсаңыз немесе әлдебір ауру күрт асқынып кетсе, Amanat медициналық қызметтер мен қажетті дәрі-дәрмектің ақысын төлеп береді.

Айтпақшы, Air Astana жолаушыларына арналған полиске серфинг, каякинг, рафтинг, су көліктерінде серуендеу деген секілді көптеген жағдайды қамтитын белсенді демалыс қатерлері де кіреді.

Сақтандыруды Air Astana сайтында рәсімдеуге болады. Шағын форманы толтырып, бағасын білу мүмкіндігі бар. Барлық шарт ұнаса, сатып ала аласыз. Полистің өзі электронды поштаңызға келеді.

Air Astana-ның әр жолаушысы 100 000 еуроға дейін сақтандыру лимитін таңдай алады – бұл сома аясында медициналық шығындар өтеледі.

Air Astana сайтында полис рәсімдейтін клиенттерге арнап біз COVID-19 ауруынан қорғайтын кеңейтілген опцияны іске қосып отырмыз: денсаулықты оңалту кезінде сақтандыру мерзімі аяқталса да, бұл қатерге байланысты амбулатор ем кезінде 10 күнге, ал стационар ем барысында 14 күнге дейін мерзімнің медициналық шығындарын өтеп береміз.

Сақтандыру өтейтін медициналық қызметтерге келесілер кіреді:

- амбулатор және/немесе стационар ем;

- диагностика және/немесе зерттеу;

- медициналық жол-көлік шығындары – үйге эвакуациялау.

Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясының Таиландқа тікелей рейс ашуының және серіктестігіміздің құрметіне акция жариялап отырмыз: бұл елге аттанған әр жолаушы медициналық сақтандыруды 50%-дан жоғары жеңілдікпен сатып ала алады! Таиландқа арналған полиске COVID-19 ауруынан қорғау және 100 000 еуролық лимит автоматты түрде кіреді.

Біз Air Astana мен Amanat компанияларының серіктес атанғанына қуаныштымыз. Ынтымақтастығымыз жолаушыларды сапалы сақтандырумен қамтамасыз етеді және алдағы уақытта сіздерге арнап өзге де пайдалы әрі тиімді ұсыныстар әзірлеуге көмектеседі деген сенімдеміз.

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, байланыс орталығына хабарласа аласыз:

- amanat24.kz сайтындағы чат арқылы

- Whatsapp: https://wa.me/77018010505

- Telegram: https://t.me/Amanat_official_bot

- Instagram парақшасында direct-ке жазу: https://www.instagram.com/amanat_official

- Facebook арқылы хабарласу: https://m.me/532256743458227

- 7310 қысқа нөміріне қоңырау шалу (ұялы телефоннан тегін)

Толығырақ
13.09.2021
Call-орталыққа қоңырау шалуда қиындық болып жатыр
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қосымша ақпарат
14.06.2021
Қызылорда: офис уақытша жабық
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қосымша ақпарат
08.01.2021
Информация об изменениях условий по предоставлению бесплатной технической помощи
с 9 января 2021 года бесплатная техническая помощь доступна в новых лимитах.
Қосымша ақпарат