Біздің мақсатымыз – сіз күткеннен де артық болу

Amanat сақтандыру компаниясының негізі 1997 жылы 24 шілдеде қаланған. Біз 23 толдық – бұл тамаша шақ! Күш-қуатқа қанықпыз, жоспарымыз да көп, дегенмен мол тәжірибе жинақтап қалдық, нарықтағы абыройымыз да жоғары.


Бұған қалай жеттік? Бізге екі ұстаным көмектеседі.


Оның біріншісі – «Сіз күткеннен асып түсу!».

Біз күн сайын аз да болса жақсара түсуге, яғни қызмет сапасымен Сізді таң қалдыруға ұмтыламыз. Нақты немен? Мәселен:


  • Біз сіздер ойлағаннан да жылдам жұмыс істеуге тырысамыз.
  • Біз сіздер ұната бермейтін әурешіліктерден құтқарамыз.
  • Біз сіздерді сіздер ойлағаннан да мұқият тыңдаймыз: кез-келген ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді біздің сайт арқылы жібере аласыздар, сеніңіз, біздің жауапты көп күтпейсіз!
  • Біз сіздерге сіздер ойлағаннан да жақынбыз: компаниямыздың кеңселері Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналасқан.


Екінші біздің ұстаным – біз өз жұмысымызды жақсы көреміз.

Біз компаниямызға адамдарға көмектесуді, оларды қиын жағдайлардан құтқаруды, шешім табуды ұнататын қызметкерлерді қабылдаймыз. Бұл қолымыздан келе ме? Мақтанбаймыз, бірақ 2020 жылы біз 136 000 клиентке қызмет көрсеттік әрі жалпы сомасы 2,6 млрд. теңге болатын 5 813 төлемді іске асырдық.


Бізбен сіз алаңсыз боласыз:

Дүниежүзі бойынша қайта сақтандыру бағытындағы 60-тан астам халықаралық ірі ұйыммен серіктестік орнаттық. Бұдан бөлек, ірі мүлік қатерін қорғау үшін беделді қайта сақтандыру бағдарламасына иеміз.


Сіздің Amanat!

СТРАТЕГИЯ

Біздің мақсатымыз – қызмет көрсету мен сақтандыру төлемдерін жасау жылдамдығы бойынша нарықта көшбасшы болып қалу. Сіз енді ойлаған дүниені біз жасап қойдық! Қарапайым сөзбен айтқанда, сақтандыру нарығында сиқыршы болуды үйренудеміз.

КЛИЕНТТІҢ БАБЫН ТАБУ
Біз клиенттің орнына әрқашан өзімізді қойып көреміз, яғни өз жұмысымызды сынай қарауға тырысамыз. Бұл сақтандыру компаниясы қандай болу керектігін армандауға көмектеседі, яғни біз өзгенің ісіне өзіміздікіндей қараймыз. Сондықтан біз барлық жерде және әрқашан сіз күткеннен асып түсетіндей етіп жұмыс істейміз. Зейін мен сезгіштік – бұл біздің ғана емес жалпы ұжым ішіндегі жұмыстың қалыптасуындағы басты қасиетіміз.
КОМАНДА

Біз айналамыздағы әлемді жақсартып, жақсы жағына өзгерту үшін Amanat сақтандыру компаниясына жиналдық. Осы үшін жұмысымызды жақсы көреміз және компаниямызды мақтан тұтамыз!

ЖҰМЫС ҚАҒИДАСЫ
Біздің жұмысымыздың басты қағидасы – әрқашан өзіңді клиент орнына қою. Біз үшін бұл қандай маңызға ие? Бұл біздің сервис сізге қаншалықты ұнар еді және қалайша сізге жақсы жағдай жасай аламыз дегенді түсінуге көмектеседі.
Компания тарихы