Пәтер немесе үй сақтандыру

Бағасын есептеу

Пәтер немесе жеке үй – басымыздағы баспана, отымыздың берекесі. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік – бұл тиімді инвестиция мен табыс әкелетін актив. Үй сатып алу үшін біз көбінесе ұзақ жылдар бойы ақша жинаймыз. Алайда сондай еңбекпен келген дүниеден су тасқыны, жер сілкінісі, газ жарылысы секілді қатерлердің кесірінен бір-ақ сәтте айрылып қалуға болады. Мұндай жағдайда иегерді жылжымайтын мүлік сақтандыруы қорғай алады. Әрине, сіз полис сатып алмай-ақ, мұндай жағдайға тап болмаймын деген үмітпен өмір сүре аласыз, алайда мүлік сақтандыру шарты – жақсы құрал.

Amanat сақтандыру компаниясы Қазақстанда тұрғын үй сақтандыру бойынша қызметтер ұсынады. Біздің мамандар барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, кеңес ұсынып, барынша аз уақыт ішінде сақтандыру шартын рәсімдеуге көмектеседі.

Тұрғын үй сақтандыру

Amanat СК ұсынатын жылжымайтын мүлік сақтандыру

Біз клиенттерге ең тиімді серіктестік шарттарын ұсынамыз:

  • Сіз жылжымайтын мүлігіңізді табиғат апаттарынан (сел жүру, жер сілкінісі, су тасқыны), жазатайым оқиғалардан (су басу, өрт) және үшінші тұлғалардың іс-әрекетінен (ұрлық, өртеу) сақтандыра аласыз.
  • Жылжымайтын мүлігіңіз өрттен зиян шексе, ғимаратта өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталған-сақталмағанына қарамастан өтемақы аласыз.
  • Компания мамандар төлем көлемін анықтағанда, амортизациялық жарнаны есептен шығарып тастамайды.
  • Бұған қоса сіз көршілерге абайсызда келтірген шығынды (олардың денсаулығына, өміріне немесе мүлігіне) жабатын азаматтық-құқықтық жауапкершілігі полисін рәсімдей аласыз. Бұл, әсіресе, көпқабатты үйлерде пәтерде тұратын клиенттер үшін ерекше маңызды. Сіз, мысалы, шүмек бұзылып, су ағып кетуі секілді кейбір жайттардың алдын ала алмайсыз.


Мүлік сақтандырудың бағасы

Баға келесі критерийлерге тәуелді: жылжымайтын мүлік түрі (үй немесе пәтер), салынған жылы, қолданылған материалдар (кірпіш, ағаш және т.б.) және нарықтық құны. Пәтер сақтандырғыңыз келсе, полис бағасын біздің сайтымызда онлайн есептеп көре аласыз. Ол үшін «Сақтандыру полисін рәсімдеу» батырмасына басып, шағын форманы толтырыңыз. Сондай-ақ келесі нөмір бойынша компания мамандарына хабарласа аласыз +7 727...Толығырақ.

Бағасын есептеу

Консультация

Болат, добрый день!

Вам нужно будет позвонить в наш колл-центр по номеру 7310.

Необходимо сделать ряд уточнений, после чего операторы смогут рассчитать вам стоимость страховки, а при необходимости и оформить доставку.

Добрый день! 

Для расчета стоимости нам нужно выяснить еще ряд деталей. Позвоните на 7310, операторы помогут вам с расчетом

Сабира, я передал ваши контакты менеджеру, она свяжется с вами и подскажет, что нужно сделать.

Все вопросы/ответы Arrow