Бағасын есептеу

Су басу - мүлікті бүлдіретін ең кең таралған жағдайлардың бірі. Бұл төтенше оқиғадан сізді ең соңғы үлгідегі сантехника да, жаңа коммуникациялар да сақтай алмайды. Көршілердің бірінің шүмекті жаппай кетуі немесе кранның бұзылып, су жібере бастауы секілді қатерлер әрдайым бар. Мұндайда қажет өтемақыны алу үшін су басудан сақтандыру көмектесе алады. Сіз қандай да бір форс-мажор жағдай туындай қалса, шығынның өтелетініне сенімді боласыз.

Amanat сақтандыру компаниясы мүлікті су басудан сақтандыру бойынша қызметтер ұсынады. Біздің мамандар барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, кеңестерін ұсынып, құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі.

Мүлікті су тасқынынан сақтандыру

Amanat бағдарламасының артықшылықтары

Біз клиенттерге серіктестіктің барынша тиімді шарттарын ұсынамыз:

  • Полис мүлікті (жиһаз, тұрмыстық техника және басқалар), пәтердің немесе үйдің әрленуін сақтандырады. Сіздің тарапыңыздан байқаусызда көршілердің мүлігіне зиян келтірілсе, шығынды өтеу үшін қосымша үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру полисін рәсімдей аласыз.
  • Пәтерді су басудан сақтандыру үшін сізге үй иесі болу міндетті емес. Бұл - үй жалдап тұратын клиенттер үшін жақсы мүмкіндік.
  • Сақтандыру бағасы қолайлы. Оны компаниямыздың сайтында есептеп көре аласыз. Ол үшін "Бағасын есептеу" батырмасына басып, шағын форманы толырыңыз.

Сақтандыру - форс-мажор жағдайларында өтемақы алудың кепілі, сондықтан полис сатып алуды әр адам алдын-ала ойластырғаны жөн.

Бірінші кезекте мұндай сақтандыру:

  • Жаңа үй немесе пәтер сатып алғандарға;
  • Жөндеуі қымбат үйге алаңдайтын жандарға;
  • Байқамай көршілерге залал келтіріп аламын ба деген адамдарға;
  • Іссапарға жиі шығатын жандарға керек.

Консультация қажет пе? Толық ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз: +7 727...Толығырақ.

Бағасын есептеу

Консультация

Болат, добрый день!

Вам нужно будет позвонить в наш колл-центр по номеру 7310.

Необходимо сделать ряд уточнений, после чего операторы смогут рассчитать вам стоимость страховки, а при необходимости и оформить доставку.

Добрый день! 

Для расчета стоимости нам нужно выяснить еще ряд деталей. Позвоните на 7310, операторы помогут вам с расчетом

Сабира, я передал ваши контакты менеджеру, она свяжется с вами и подскажет, что нужно сделать.

Все вопросы/ответы Arrow