Fincraft және Amanat коронавирусқа қарсы күреске қолдау білдірді

Preview

«Amanat» сақтандыру компаниясы және оның акционері Fincraft инвестициялық үйі «Сәби» қайырымдылық қорының COVID-19 коронавирусын анықтау анализін халық арасында тегін жүргізуге арналған экспресс тесттер мен тест-жүйелерді сатып алу үшін қаражат жинау акциясына қатысты. Осы мақсатта екі компания қызметкерлерінің бір бөлігі ерікті түрді біркүндік жалақысын аударды. Бұдан бөлек басшылық шешімімен қос ұйым атынан қосымша қаражат бөлінді. Fincraft және Amanat ұсынған қаржылық қолдаудың жалпы сомасы 10 млн теңгені құрады.

Қаражат «Сәби» қайырымдылық қорына аударылды. Қор тесттерді сатып алды және жақын арада «Олимп» КДЗ» ЖШС-на жібереді. COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған анализ қажеттілігі бар тестілеуді қажет ететін азаматтар арасында тегін жүреді.

Қазақстанда COVID-19 диагностикасына арналған тесттердің мұқтаж адамдарға жетпей жатқаны белгілі. Мұндай жағдайда кез келген көмек тестілеу жүйесі жеткіліксіздігін төмендетуге көмектеседі. «Amanat» сақтандыру компаниясы және Fincraft инвестициялық үйі басқа ұйымдарды осы акцияға қатысуға шақырады. Жақсы істер атқаруда бірлік танытып, бірге болған күнде ғана біз бұл қиын-қыстау сәтті артта қалдыра аламыз.

Amanat басқа жаңалықтары