«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ауысты

Preview
«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ баспасөз қызметі компания Басқармасының құрамында өзгерістер болғ

2020 жылдың 18 наурызында Басқарма Төрағасы міндетін атқарып келген Ерғали Бегімбетовтың орнына Ернар Нұрғалиев келді. Ол осыған дейін «Amanat» СК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары қызметінде болды.

Ернар Нұрғалиевтің басшылық қызметке тағайындалуы Amanat ұйымына сақтандыру нарығындағы позициясын күшейтіп, клиентке сапалы сервис ұсынуға бағытталған қазіргі даму стратегиясын ары қарай ұстануға мүмкіндік береді.

«Халыққа жоғары деңгейдегі сапалы өнім мен қызмет ұсынуды жалғастыратын боламыз. Жекелей алғанда, компания онлайн арқылы бөлшек сақтандыру бағытын барынша дамытып, корпоратив сақтандыруды жетілдіруге, клиент базасын кеңейтуге баса мән беруді жоспарлап отыр. Компанияның басты құндылығы саналатын клиенттер бұл өзгерістер нәтижесінде тек ұтады», - деп атап өтті Ернар Нұрғалиев.

Басқарма Төрағасының сөзіне қарағанда, компания қазіргі даму векторын және корпоратив мәдениетін сақтап қалады.  

Анықтама ақпарат:

Ернар Бақытұлы Нұрғалиев – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеттің, М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің және MBA Hult International Business School бағдарламасының (San-Francisco, USA) түлегі.

Еңбек жолын «АТФБанк» АҚ-да несие менеджері болып бастаған. Қазіргі уақытта «Fincraft инвестициялық үйі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары міндетін атқарады. Бұған дейін «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма мүшесі – басқарушы директоры, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Орынбасары және «Темірбанк» АҚ қаржы директоры қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ секілді ұйымдарда атқарушы құрылымдарға басшылық еткен.

* * *

«Amanat» СК» АҚ – Қазақстанның барлық ірі қаласында қызмет ұсынатын әмбебап сақтандырушы. Компания ерікті автосақтандыру, жүк, мүлік сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыруы бойынша үздік 10 ұйымның қатарына кіреді.

ҚР Ұлттық банкінің 01.02.2020 жылғы деректеріне сәйкес, «Amanat» СК» АҚ жалпы сақтандыру нарығында (non-life) 10,602 млрд теңге көлемінде таза сыйақы жинаған. Аталған статистикаға сәйкес, көлік құралдары иегерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша «Amanat» СК» АҚ 4-орында тұр, нарықтағы үлесі – 9,1%. Ерікті автосақтандыру бойынша компания 6-орында тұр, нарықтағы үлесі 7,14%-ды құрайды.

Байланыс мәліметтері:

«Amanat» сақтандыру компаниясы

PR-маман

Дінмұхамед Зиядин

+7 707 490 17 67

d.ziyadin@a-i.kz

www.amanat24.kz

Amanat басқа жаңалықтары