Amanat кеңселері қалыпты жұмыс тәртібіне көшті

Preview

Құрметті клиенттер!

«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ барлық кеңсесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Апаттық комиссариат та біздің компания құрылымы бар қаланың бәрінде дерлік қызметін қайта іске қосты.

Жекелеген аймақтарда мемлекеттік талаптарға байланысты шектеулер болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, алайда қалай болғанда да сіздерге барынша көмектесіп, байланыста болуға тырысамыз.

Қандай да бір сұрақ туындаса, Amanat байланыс орталығына 7310 (ұялыдан тегін) нөмірі бойынша хабарласа алатыныңызды еске сала кетейік.

Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға (Facebook, Instagram) және сайтымызда хабарлама жіберу мүмкіндігі бар.

Аманшылықта жүздескенше.

Amanat басқа жаңалықтары