Ресми ақпарат

Preview
Осы ақпарат пайдалы болады деп сенеміз.
Қымбатты достар,
 
Бізге кейде «Үй қалай сатып алсам болады» немесе «Көлікті бөліп төлеу арқылы алуды қалай рәсімдеймін» деген секілді сауалдар келіп жатады. Біздің ойымызша, бұл Amanat Home және Amanat Drive тұтыну кооперативтерінің қызметімен байланысты. Яғни кей қолданушы бізді осы ұйымдармен шатастырып, хабарласады деген пікірдеміз.
 
Аталған жайтқа байланысты біз «Amanat сақтандыру компаниясы» АҚ-ның басқару, иелігінде болу немесе иелік ету тұрғысынан бұл тұтыну кооперативтеріне қандай да бір қатысы жоқтығы туралы ресми түрде хабарлаймыз.
 
Біз тұтыну кооперативі мүшелерінен қаражат алмаймыз, қандай да бір мүлік сатып алуды қаржыландырмаймыз. Біз тек сақтандырумен айналысамыз, жекелей алғанда мүлікті де сақтандырамыз.
 
Мүлік сақтандыру бойынша басқа көптеген компания секілді Amanat Home және Amanat Drive клиенттеріміз қатарында бар. Алайда «Amanat сақтандыру компаниясы» АҚ-ның, компания Директорлар кеңесінің мүшелерінің, Басқарма қатысушыларының аталған ұйымдарға ешқандай үлестік қатысы жоқ, яғни бұл заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне ықпал етпейді.
 
Құрметпен, Amanat

Amanat басқа жаңалықтары