Апат комиссарларының шектеу кезіндегі Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыс тәртібі

Preview

Қымбатты клиенттер!

Ел үкіметінің шешімі бойынша, 2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында азаматтардың қозғалысына қатысты шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты Amanat-тың астаналық және алматылық апат комиссарлары техникалық көмек көрсетпейді, сақтандыру оқиғаларына бара алмайды, сондай-ақ сақтандыруға алынатын мүлікті тексеруге шықпайды. Алматыдағы бас кеңсе де (Төле би к-сі, 63) шектеу шаралары кезеңінде жабық болады.

Шектеу созылған жағдайда апат комиссарларының аталған жұмыс тәртібі де ұзартылатын болады. Түсіністік танытуларыңызды өтінеміз.

Біз Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары карантин ережелерін сақтайды және көшеге аса үлкен қажеттіліксіз шықпайды деп үміттенеміз, алайда біздің мамандар сақтандыру оқиғалары бойынша телефон арқылы кеңес беруге дайын.

Бізбен кез келген уақытта 7310 нөмірі бойынша, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы байланыса аласыз, тәулік бойы жауап береміз.

Корпоратив менеджерлер де қашықтан жұмыс істейді, сіздерге қолдау көрсетіп, кеңес беруге әзір.

Басқа қалалардағы кеңсеселер қалыпты режимде қызметтерін жалғастырады.

Міндетті автосақтандыру полисін рәсімдеу керек болса, мұны amanat24.kz сайтында 10% жеңілдікпен онлайн жасауға болатынын еске саламыз.

Басқа сұрақтар бойынша 7310 нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз.

Сіздің Amanat

Amanat басқа жаңалықтары