Назар аударыңыз! Маңызды ақпарат!

Preview
ТМС бойынша құжат қабылдауға қатысты шектеу ш

Қымбатты клиенттер!

COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына және Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Amanat сақтандыру компаниясы шектеу шараларының қабылданғаны туралы хабарлайды.

Amanat кеңселерінде Туристерді медициналық сақтандыру бойынша құжаттар қабылдау уақытша тоқтатылды.

Туристерді медициналық сақтандыру қызметі бойынша полис рәсімдеген клиенттерді шетелде медициналық көмек алу жағдайларына байланысты құжат тапсыру үшін Amanat сақтандыру компаниясының кеңселеріне тікелей келмеуге шақырамыз.

Біз алдын-ала 7310 нөміріне хабарласуды ұсынамыз (ұялы телефоннан тегін). Call-орталық қызметкерлері профильді құрылым мамандарымен байланыстырады. Әріптестеріміз өз кезегінде толық кеңес беріп, құжаттар тапсыру тәртібі бойынша ақпарат ұсынады. Сондай-ақ қарастыруды қажет ететін құжаттарды dls@a-i.kz электронды мекенжайына тікелей жіберуге болады.

Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз

Amanat басқа жаңалықтары