Мамыр айында қазақстандықтар 140 мыңнан астам самокат сапарын сақтандырды

Preview
Сақтандыру қызметін JET серіктесі Amanat компаниясы ұсынды.

2021 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары электросамокатты жалға беруге арналған JET сервисі арқылы 140 мыңнан астам сапарды сақтандырды.

«Amanat СҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Анна Некрюкованың айтуынша, 2021 жылдың мамыр айында сақтандырылған самокат сапарының саны күн сайын өсіп отырған.

«Бір айдың ішінде сақтандырылған сапар саны күн сайын 5%-ға артып отырды. Жалпы алғанда, мамырда күніне біз орта есеппен 4500-ден астам сапарды сақтандырдық», - деп хабарлады компания өкілі.

Қаржы ұйымының айтуынша, мұндай сақтандыру полисі ерікті түрді рәсімделеді: «Бұл – клиенттің өзін жазатайым оқиғадан сақтандыруы. Мұнда өтемақы сомасы 400 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Клиент еңбекке жарамдылығынан толықтай немесе жарым-жартылай айрылса, төлем беріледі. Уақытше еңбекке жарамсыздық жағдайында 20 000 теңге көлемінде өтемақы рәсімделеді», - дейді Анна Некрюкова.

Топ-менеджер сақтандыру жағдайы болса, 7310 нөмірі бойынша компанияның байланыс орталығына хабарласу керек екенін еске салды. Мұнда Amanat мамандары кеңес беріп, өтемақы алуға көмектеседі.

«Қазақстандағы самокат санының жылдам артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл – өте ыңғайлы көлік. Самокатты қала өміріне оңай бейімдеуге болады. Алайда самокаттың таралуымен қатар онымен байланысты жайсыз оқиғалардың да көбейгенін байқаймыз. Сондықтан бұл көлікті таңдаған жандардың жол қозғалысы ережелерін сақтауы, бұдан бөлек сапарын сақтандырғаны өте маңызды. Осы ретте тек өмір мен денсаулықты ғана емес, басқалардың алдындағы жауапкершілікті де сақтандыру қажет екенін еске салғым келеді. Бұл аяқасты келген шығынды сақтандыру компаниясы төлеген өтемақымен жабуға, яғни өз қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі», - деп атап өтті басқарма төрағасының орынбасары.

Анна Некрюкова қауіпсіздік ережелеріне баса мән беруге, тиісті киім-жабдықты, жарық шағылыстыратын элементтер мен дыбыс белгілерін қамтамасыз етуге жеке тоқталды: «Өз денсаулығыңызды да, басқалардың қауіпсіздігін де ойлау қажет. Сізді өзгелер көрмей тұрса, дауыстап немесе дыбыспен белгі беріп ескертіңіз, жолдағы адамдардың алдынан күтпеген жерден шыға келуден қашыңыз».

Анықтамалық ақпарат:

«Amanat» сақтандыру компаниясы – Қазақстанның барлық ірі қаласында қызмет ұсынатын әмбебап сақтандырушы компания. Amanat ерікті автосақтандыру, жүк, мүлік сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша үздік 10 ұйымның қатарына кіреді.

JET – самокатты қысқа мерзімге жалға алуға арналған сервис. Кез келген адам жақын орналасқан самокатты тауып, мобильді қосымшада QR-кодты скандап, жолға шыға алады. Сапар аяқталған соң самокатты жүздеген тұрақтың біріне қойып кетуге болады. Сапарды сақтандыру жолға шығар алдында JET қосымшасында рәсімделеді.

Байланыс мәліметі:

Димаш Зиядин

+7 707 490 17 67, d.ziyadin@a-i.kzwww.amanat24.kz 

Amanat басқа жаңалықтары