Amanat сақтандыру компаниясы Outfitter KZ сервисімен «достасты»

Preview

Жақында біз Outfitter KZ сервисімен ресми түрде серіктестік орнаттық. Бұл – Қазақстан және Қырғыз Республикасында турист сапарларын ұйымдастыратын қызмет.

Біздің келісімшарт аясында Outfitter KZ клиенттерінің бәрі сапар барысында жазатайым оқиғалардан сақтандырылады. Сақтандыру тәулік бойы жұмыс істейді және сақтандырылған адам көлікте кетіп бара жатқанда да күшінде болады.

Amanat 1,5-5 млн теңге аралығында лимит ұсынды, мұнымен қатар жарақат, аң тістеп алуы немесе жәндік шағып алуы, күйік және үсік секілді түрлі қатерлерді қамтиды.

Әріптестіміздің сапарлары жазатайым оқиғаларсыз өтуіне, саяхатшылардың үйіне керемет әсермен, әдемі фотосуреттермен оралуына шын көңілден тілектеспіз. Ал ұзақ жолда сапалы полистің болғаны үлкен маңызға ие. Осы орайда Outfitter KZ пен сервис клиенттерінің сақтандыруға мән беретінін ерекше атап өткен жөн.

Amanat басқа жаңалықтары