Amanat жұмыс тәртібінің өзгеруі туралы

Preview
Құрметті клиенттер, осы ақпаратты оқып шығуды өтінеміз.

- елде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты Amanat компаниясының барлық кеңсесі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті.

- Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы – комендант сағатының енгізілуіне байланысты апат комиссарлары техникалық көмек мен сақтандыру оқиғаларына тек жергілікті уақыт бойынша 07:00 мен 23:00 аралығында ғана шыға алады. Сақтандыру оқиғасы 23:00 мен 07:00 аралығында болса, телефон арқылы консультация беріледі.

- Ақтау – сақтандыру оқиғасы болса, тек телефон арқылы консультация ұсына аламыз. Өкінішке қарай, бұл қалада техникалық көмек көрсету және сақтандыру оқиғаларына бару қызметі әзірге қолжетімсіз.

- Call-center жұмысын күшейтіп жатыр, алайда 7310 нөміріне хабарласу және түрлі жолдармен (мессенджер, direct, сайт) хабарлама жіберу барысында кедергілер туындауы мүмкін

- Amanat жіберетін SMS-хабарламаларды жеткізуде қиындық туындауы мүмкін

- сақтандыру оқиғасы болса, алайда апат комиссары келе алмаса, құқыққорғау органдарына оқиғаны рәсімдеу үшін хабарласуды сұраймыз. Кейінірек біз сақтандыру төлемін рәсімдеу үшін сізден арыз қабылдай алатын боламыз.

Достар, қандай жағдай болған күннің өзінде біз барынша байланыста боламыз және мүмкіндігінше сіздерге көмектесуге тырысамыз.

Амандық-саулықта жүздескенше.

Amanat басқа жаңалықтары