BI мен Amanat – ресми серіктес!

Preview
Достар, компаниямыздың BI ұйымымен достасқанын қуана хабарлаймыз.

Тұрғын үй сақтандыруға арналған қызметіміз BIG App мобильді қосымшасында пайда болды. BIG App – BI Group клиенттеріне арналған онлайн-қызметтердің экожүйесі.

Қосымшада қолданушылар тез арада сақтандыру рәсімдей алады. Мұндай полис көршілердің пәтерінен су кету, өрт, ұрлық, канализация және жылыту жүйелеріндегі ақау секілді алуан түрлі жағдай салдарынан пайда болған зардапты өтеп бере алады.

Сақтандырудың жылдық бағасы - бар болғаны 25 000 теңге.

Полистің өзі бірден үш бағытты, яғни үйдің ішіндегі мүлікті, пәтердің әрлеуі мен коммуникациясын және көршілер алдындағы жауапкершілікті қамтиды. Әр бағыт бойынша 1,5 миллион теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Сәйкесінше төлемнің жалпы сомасы 4,5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін!

Айтпақшы, әлдебір жағдай сіз ұзақ уақыт үйде болмай қалған кезде (мысалы, демалысқа кетсеңіз) болса да, төлем ала аласыз.

BI-мен серіктестігіміздің BIG App қолданушылары үшін пәтерді қорғауға арналған ыңғайлы әрі тиімді сақтандыру ұсынатыны бізді қуантады.

Amanat басқа жаңалықтары