5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өтеді

Preview
11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.

Республикалық референдумда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қарастырылады. 

5 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік телеарналардан халыққа жолдау жасап, референдумға шақырған болатын: "Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізу қажет". 

Референдумда азаматтарға "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Респуб­ли­касы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясына өзгерістер мен толықты­руларды қабылдайсыз ба?" деген сұрақ қойылады. 

Референдумға түсіп жатқан өзгерістер туралы толық ақпаратты мына жерден білуге болады. 

Дауыс беру үшін учаскені ЖСН арқылы іздеу сервисін пайдаланып, қай жерге барып дауыс беретініңізді анықтай аласыз. Оны келесі сайттарда қолдану мүмкіндігі бар: 

Amanat басқа жаңалықтары