4,5 млн теңгеге дейін өтемақы қарастырылған қорғаныс

Preview
Пәтер жөндеуден өткен бе? Бағалы дүниені қорғау керек пе? Көршіңізбен тату-тәтті болғыңыз келе ме?

Бұл үш сұрақтың жауабы біреу – Amanat ұсынатын тұрғын үй сақтандыруы.

Amanat компаниясы пәтер мен жер үй иелеріне арналған сақтандыру түрін онлайн сата бастады. Бұл өнімнің бірқатар артықшылығы бар. Сол жайлы тарқатып әңгімелеп берсек.

Ең әуелі, мұндай сақтандыруды үй иегерлері де, сондай-ақ баспана жалдап тұрып жатқан азаматтар да сатып ала алатынын айта кеткен жөн.

Рәсімдеп алсаңыз, бұл полис бірден үш бағытты, яғни үйдің жөндеуі мен әрлеуін, үйдегі бағалы, құнды заттарды, сондай-ақ көршіңіздің алдындағы сіздің жауапкершілікті қамтитын болады. Мұның бәрі сел жүру, жер сілкінісі, су тасқыны секілді табиғи апаттардан, күтпеген жайсыз оқиғалардан (су басып қалу, өрт) және басқалардың іс-әрекетінен (ұрлық, өрт қою) сақтандырылады.

Енді әр бағытты жеке-жеке атай кетейік:

- Жөндеу жұмыстары. Бұған ішкі әрлеу де (еден, төбе, қабырға, есік-терезе, балкон-лоджияны әйнектеу), коммуникация да (желдету, кондициялау және жылыту, сантехника жабдығы мен инженерлік құралдар) кіреді.

- Үйдің ішіндегі бағалы заттар. Amanat сақтандыруы тұрмыс техникасын да, жиһазды да, спорт жабдықтарын да, тіпті кілем-перделерді де қорғайды.

- Көрші алдындағы жауапкершілік. Сіздің кінәңізден көршіңіздің мүлкі зардап шексе, кеткен шығынды өз қалтаңыздан емес, Amanat клиенті ретінде өтемақы рәсімдеп, компания есебінен жауып бере аласыз. Мәселен, құбырдан су кетеді, ал мұндай жағдайды алдын-ала білу мүмкін емес. Сондықтан қалтаңыздағы ақшаны да, көршілермен арадағы жақсы қарым-қатынасты да сақтайтын құралдың болғаны жөн.

Әр пункт бойынша біздің клиент 1 500 000 теңгеге дейін төлем ала алады. Ар жағын санау оңай:  сақтандыру полисі бойынша клиент алатын төлемнің жалпы сомасы 4 500 000 теңгеге дейін баруы мүмкін!

Айтпақшы, пәтерде немесе үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде оқыс оқиға болса қалса, өтемақы беріледі. Сондай-ақ іссапарға немесе демалысқа кетіп қалсаңыз, 30 күнге дейін сақтандыру полисі «жұмыс істеп» тұрады.

Сондай-ақ өрт бола қалса, Amanat компаниясының сізге 150 000 теңгеге дейін қосымша ақша беретінін айта кету керек. Бұл сомаға сіз өз үйіңізде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда 1 айға дейін пәтер жалдай аласыз.

Осы айтқанымыздың бәрі бір сақтандыру полисіне кіреді. Оның бағасы жылына бар болғаны 25 000 теңге. Немесе айына 2 000 теңгедей ғана. Күтпеген жайсыз жайттан сақтап, ақшаңызды сақтап қалатын дүние үшін аса қымбат емес, келісесіздер ме?

Болашақты ешкім білмейді. Бірақ біз алдын-ала қамданып, дайындала аламыз.

Тұрғын үй сақтандыруын төмендегі сілтеме арқылы өтіп сатып алуға болады.

Сатып алу

Amanat басқа жаңалықтары