Amanat сақтандыру компаниясы турист полистері мерзімін өз есебінен ұзартады

Preview
Достар, маңызды ақпаратты бөлісеміз.

Елде қалыптасқан жағдайға, сонымен қатар шетелдегі қазақстандық туристерді қайтарудағы қиындықтарға байланысты «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ клиенттердің мүддесін көздей отырып, сырт мемлекетке шығу үшін рәсімделген сақтандыру келісімшарттарының әрекет мерзімін компания есебінен ұзартатынын хабарлайды.

Бұл шарт аясында туристің медициналық сақтандыруының, міндетті медициналық сақтандырудың (COVID-19-дан сақтандыруды қоса алғанда) келісімшарттары ұзартылатын болады.

«Егер сіз Amanat-та сақтандырылсаңыз және қазір басқа елде болсаңыз, алайда соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанға орала алмай отырсаңыз, ал сақтандырудың мерзімі бітіп бара жатса, біз өз есебімізден әу баста рәсімделген шарттар бойынша полисіңізді ұзартамыз. Ол үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ», - деп атап өтті компанияда.

Amanat мұндай келісімшарттар бойынша клиенттер алдындағы барлық міндетеммесін орындайтынын, яғни сақтандыру оқиғасы тіркелсе, туристердің шығынын төлеп немесе өтеп беретінін хабарлады.

«Халықаралық серіктестеріміздің біздің бастамаға қолдау білдіргеніне алғыс айтқымыз келеді. Мәселен, Amanat-пен әріптестік орнатқан «Компас» туроператоры, сонымен қатар Украинаның ең үздік ассистант компанияларының бірі VSA медициналық көмекті қажет ететін, алайда рейстің кейінге қалдырылуына байланысты Қазақстанға қайта алмай отырған туристердің сұрауы қабылданатынын айтты. Бұл бағытта да сақтандыру шарты мерзімінің ұзартылуы тегін жүреді», - дейді Amanat басқарма төрағасы Ернар Нұрғалиев.

Қандай да бір сұрақ туындаса, компания клиенттері Amanat байланыс орталығына 7310 (ұялыдан тегін) және +7 775 888 2204 нөмірлері бойынша хабарласа алады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға (Facebook, Instagram) және amanat24.kz сайты арқылы хабарлама жіберу мүмкіндігі бар.

Amanat басқа жаңалықтары